Педагогикалық кеңес
2024 ж.31.10 1-тоқсанының соңында «Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп» КММ-де педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңестің күн тәртібі: №1 педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау туралы; 2024-2025 оқу жылының 1-тоқсанындағы үлгерім қорытындыларын талдау; «Білім берудегі инклюзия: мәселелер мен перспективалар»; – «Интеллектісі жеңіл бұзылған оқушыларды оқытудағы жеке тәсіл»; – «Жалпы сынып жағдайында психикалық дамуы тежелген балаларды оқытуға жеке көзқарас». Педагогтар 1 тоқсандағы үлгерім нәтижелерімен танысты, үлгермеген және уақытша аттестатталмаған оқушылармен жұмыс істеудегі негізгі мәселелерді қарастырды; ЕБҚ балаларымен жұмыс жасаудағы өз тәжірибелерімен бөлісті.