“Менің отбасым – менің байлығым”сынып сағаты
Біздің әрқайсымыз үшін отбасы – бізге ең жақын және ең қымбат адамдар, бұл жақындарымыздың жылуы, сүйіспеншілігі мен қолдауы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан бірлескен мерекелер мен дәстүрлер. Отбасы – еліміздің болашақ ұрпағын қалыптастыратын және тәрбиелейтін қоғамның ең маңызды бірлігі. Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ж. 15.05 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 0-11 сынып оқушыларына “Менің отбасым – менің байлығым”атты сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты-отбасының адам өміріндегі маңыздылығы мен рөлі, ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет, өз отбасына…