“Күзгі серпантин” бұйымдар байқауы
Күз – қызықты табиғи материалдарға бай керемет уақыт: бүршіктер, түрлі-түсті гүлдер мен жапырақтар, табиғи материалдан, жемістер мен көкөністерден де күзгі бұйымдарды жасауға болады! Табиғат – шығармашылық пен шабыттың сарқылмас қайнары. Мектептің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 2023 жылдың 16-20.10 аралығында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 2-4 сынып оқушыларына арналған “Күзгі серпантин” бұйымдар байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, көркемдік-эстетикалық талғамын дамыту, қол дағдыларын қалыптастыру, қиял мен ой-өрісін дамыту үшін жағдай жасау. Көрмеге қатысушылар жұмысқа байыпты қарады…