“Бақытты отбасы – бақытты ел” сынып сағаты
Қазақстандағы Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес 0-4 сынып оқушылары үшін 2023 ж. 11.09 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ- де “Бақытты отбасы – бақытты ел” сынып сағаты өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: отбасылық қарым-қатынасқа құндылық қатынасын, ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін, өз отбасына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында балалар бір-бірін жақсы көретін, бір-біріне қамқорлық жасайтын адамдар ретінде отбасы туралы түсінік қалыптастырды. Олар отбасының адам өміріндегі маңыздылығы мен рөлі туралы білді. Іс-шарада оқушылар отбасы туралы сөзжұмбақтар, жұмбақтар…