Browsed by
Author: user

АБАЙЛАҢЫЗ: АЛАЯҚТАР!

АБАЙЛАҢЫЗ: АЛАЯҚТАР!

Бүгінгі таңда облыс орталығының тұрғындарына қатысты жасалған құқық бұзушылықтардың ең көп тараған түрі Интернет желісіндегі алаяқтық болып табылады. Құрметті ата-аналар, оқушылар, СҚО ПД Петропавл қаласының полиция басқармасы мемлекеттік мекемесі және “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ әкімшілігі күн сайын адамдар қаскүнемдердің құрбаны болатынын еске салады. Өзіңізді және жақындарыңызды қорғау үшін белгілі бір қауіпсіздік ережелерін білу және сақтау қажет.

Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

2024 ж. 20.05 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 9,11 сынып түлектерінің ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыстың күн тәртібі келесі мәселелерді қамтыды: ” 2024ж. ҰБТ, қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы ” – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н.В. Золотилина. “Ресми салтанатты және бітіру іс – шараларын өткізу кезеңіндегі қоғамдық тәртіп ережелері” – Петропавл қ.ПБ ювеналды полиция бөлімінің полиция майоры аға учаскелік полиция инспекторы Габдулина Жанара Каиргельдиновна. Салтанатты іс-шаралар мен жазғы каникулдарды өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы…

Read More Read More

10 “А” сынып оқушыларының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің бастығымен кездесуі

10 “А” сынып оқушыларының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің бастығымен кездесуі

2024 ж. 16.05 кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 10 “А” сынып оқушылары үшін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі департаментінің бастығы майор Байкешов Темірлан Әлімұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында оқушылар ҚР ҰҚК Шекара қызметінің оқу академиясына түсу ережелерімен, оқыту ерекшеліктерімен танысты.

СҚО прокуратура аппаратының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі, майор А. К. Асаиновпен профилактикалық дәріс

СҚО прокуратура аппаратының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі, майор А. К. Асаиновпен профилактикалық дәріс

2024 ж. 16.05 жазғы демалыс қарсаңында СҚО прокуратура аппаратының аға прокуроры, кіші әділет кеңесшісі, майор Асаинов Алмас Қасқарбайұлы “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп”КММ-нің 8, 9-сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, жыныстық тиіспеушіліктің, есірткі заттарының таралуының, есірткіге тәуелділіктің және темекі қоспаларын (вейптерді) пайдаланудың алдын алу бойынша дәріс өткізді. Оқушыларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік түсіндірілді.

«Толағай» отбасылық-спорттық сайыс

«Толағай» отбасылық-спорттық сайыс

“Петропавл қаласының білім бөлімі” КММ іс-шаралар жоспарына сәйкес, Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Бақытты балалық үшін” республикалық акциясын өткізу аясында, сондай-ақ Халықаралық Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2024 жылдың 15 мамырында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ Тыштыбаевтар отбасы “Мағжан Жұмабаев атындағы ІТ-мектеп-лицейі” КММ базасында “Толағай”отбасылық-спорттық сайысына қатысты.