5 наурыз күні “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 10-11 сынып оқушылары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Ашық есік күніне қатысты
Оқушылар үшін кафедралар көрмесі ұйымдастырылып, оқытушылар мен студенттер мамандықтар мен білім беру бағдарламалары туралы әңгімеледі. Балалар оқу зертханаларымен танысып, интерактивті тапсырмаларға қатысып, университетте оқу мүмкіндіктері туралы көбірек білді. Университетке бару білім алушыларға болашақ мамандықтар туралы түсініктерін кеңейтуге және студенттік өмірдің атмосферасын сезінуге көмектесті.