Browsed by
Category: Қауіпсіздік

«Мектебім – мейірім мекені»: біздің мектепте білім күніне арналған салтанатты саптық жиындар өтті!

«Мектебім – мейірім мекені»: біздің мектепте білім күніне арналған салтанатты саптық жиындар өтті!

1 қыркүйекте “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ оқушыларға есігін айқара ашты. Биылғы жылы мерекелік саптық жиындар “Мектебім – мейірім мекені” бірыңғай ұранымен өтті. Жаңа оқу жылының басталу қуанышын бізбен бөлісуге келген құрметті қонақтардың қатысуы іс-шараға ерекше салтанат сыйлады: Сандыбеков Марлен Багытбекұлы — Петропавл қаласы әкімінің орынбасары. Марлен Багытбекұлы оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды Білім күнімен құттықтап, барлығына табыс, шабыт және жоғары жетістіктер тілеп, жылы лебізін білдірді. Қайыржанова Зарина Бағдатқызы-қалалық білім бөлімінің әдіскері, мектеп ұжымына қолдау білдіріп, үздік тілектерін білдірді….

Read More Read More

Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды

Елімізде балаларды терезеден құлаудан қорғауға бағытталған «Терезе – SAFE» республикалық науқаны басталды

⚠️«Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру аясында елімізде «Терезе-SAFE» ауқымды ақпараттық науқаны басталды. Бастаманың мақсаты жазатайым оқиғалардың алдын алып, балалардың терезеден құлауына жол бермеу. Статистикаға сүйенсек, 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай оқиғалар 2023 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артқан. Қауіп тобында негізінен 2 мен 5 жас аралығындағы бүлдіршіндер тұр. ⏱️ Науқанның негізгі элементі- әр отбасының күнделікті өміріне «Қауіпсіздік минуты» ережесін енгізу. Ережеге сәйкес ата-аналар күн сайын үй ішін қысқаша тексеріп шығу әдетін қалыптастыруы керек. Тексеру кезінде терезе бұғаттағыштарының беріктігіне және терезе алдында…

Read More Read More

14 сәуірде “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 8-9 сынып оқушылары үшін СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова профилактикалық әңгіме өткізді

14 сәуірде “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 8-9 сынып оқушылары үшін СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі Зарина Попова профилактикалық әңгіме өткізді

Кездесу барысында оқушыларға есірткі қылмыстарына қатысқаны үшін жауапкершілік түсіндірілді, олардың таралуының қазіргі заманғы нысандары, сондай-ақ есірткі заттарын қолданудың адамның денсаулығы мен болашағына зияны туралы айтылды. Әңгіме құқықтық сауаттылықты және өз болашағына саналы көзқарасты қалыптастыруға бағытталған.

5 наурызда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Қауіпсіздік мектебі” жобасы аясында СҚО прокуратурасының бастамасымен бастауыш сынып оқушыларына онлайн-іс-шара ұйымдастырылды

5 наурызда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Қауіпсіздік мектебі” жобасы аясында СҚО прокуратурасының бастамасымен бастауыш сынып оқушыларына онлайн-іс-шара ұйымдастырылды

Ойын түрінде балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында оқушыларға “Жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері” брошюралары таратылды.

2026 жылдың 2 ақпанында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 1-11 сынып оқушылары үшін халықаралық дербес деректерді қорғау күніне орай “Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам” атты сынып сағаты өтті

Қауіпсіздік сабақтары барысында оқушыларға интернет-кеңістіктегі жауапты мінез-құлық ережелері, дербес деректерді қорғаудың маңыздылығы, цифрлық қауіпсіздікті сақтау және желіде орналастырылған ақпаратқа мұқият қарау туралы еске салынды. Өмірлік жағдайлар және онлайн тәуекелдердің алдын алу жолдары қарастырылды. Сынып сағаттары білім алушыларда цифрлық технологияларды саналы және қауіпсіз пайдалануды қалыптастыруға ықпал етті.

“Әлеуметтік желілердегі психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні” челленджі аясында 5-11 сынып оқушыларына “Өзіңнің жеке өміріңді тексер” жадынама нысанында ұсыныстар дайындалып, таратылды

“Әлеуметтік желілердегі психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні” челленджі аясында 5-11 сынып оқушыларына “Өзіңнің жеке өміріңді тексер” жадынама нысанында ұсыныстар дайындалып, таратылды

Жадынама интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған және құпиялылықты орнату, жеке ақпаратты қорғау, жеке хабарламалар мен түсініктемелерді басқару, блоктау және шағым беру мүмкіндіктерін пайдалану бойынша практикалық кеңестерді қамтиды.

27 қаңтарда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де мектептің мұғалімдері мен техникалық қызметкерлері үшін алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өткізілді

27 қаңтарда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де мектептің мұғалімдері мен техникалық қызметкерлері үшін алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық дәріс өткізілді

Дәрісті СҚО ПД киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры М.И. Балацкая өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға кең таралған алаяқтық схемалар түсіндіріліп, сақтық шаралары мен дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсыныстар берілді.

Буллинг – бұл жай ғана “балалар жанжалы” емес

Буллинг – бұл жай ғана “балалар жанжалы” емес

Бұл – баланың өмірінде, жәбірленушіде де, агрессорда да, тіпті сырттан қарап отырғандарда да, терең із қалдыратын күрделі мәселе . Тек бірге біз қатыгездікке орын жоқ қауіпсіз ортаны құра аламыз. Буллингтің алдын алу – бұл біздің ортақ жауапкершілігіміз және балалардың болашағына қосқан зор үлесіміз.

20 қаңтарда “Заң және тәртіп” айлығы аясында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Әлеуметтік желілердегі психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні” челленджі басталды

20 қаңтарда “Заң және тәртіп” айлығы аясында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Әлеуметтік желілердегі психологиялық қауіпсіздіктің 10 күні” челленджі басталды

“Таспаны тазалаймыз” күні 6-7 сынып оқушыларымен педагог-психолог А.М. Абильмажиновамен қауіпсіз цифрлық кеңістік құру қажеттілігі туралы әңгіме жүргізілді. Контенттің эмоционалды күйге әсері, ақпаратты саналы түрде таңдаудың маңыздылығы және өзін әлеуметтік желілердегі жағымсыз әсерлерден қорғай білу мәселелері талқыланды. Оқушылар диалогқа белсене араласып, өз пікірлерімен бөлісті және онлайн-ортаға жауапкершілікпен қарау және өздерінің психологиялық әл-ауқатына қамқорлық жасау қажеттілігі туралы қорытындыға келді.