Отан қорғаушы күніне арналған бірыңғай сынып сағаты
Білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі және маңызды міндеті Отанға деген сүйіспеншілікті, Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге деген ұмтылысты ояту, әскери қызметтің беделін көтеру болып табылады. Отан қорғаушы күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ оқушылары үшін 1-11 сыныптарда Отан қорғаушы күніне арналған бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды патриотизм, азаматтық рухында тәрбиелеу; оқушылардың назарын туған тарихына, өз халқының тағдырына аудару; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру. Аталған іс-шарада оқушылар…