Browsed by
Day: 16.05.2023

«Отбасы – шабыт қайнары» кітап көрмесі

«Отбасы – шабыт қайнары» кітап көрмесі

Халықаралық Отбасы күніне арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, “Кітап оқитын мектеп” жобасы аясында 2023 жылғы 15-19 мамыр аралығында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ кітапханасында 1-11 сынып оқушыларына арналған “Отбасы – шабыт қайнары” кітап көрмесі өтуде. Кітап көрмесінің мақсаты: оқушыларды отбасына, отбасылық құндылықтарға, дәстүрлерге құрметпен қарауға тәрбиелеу. Адамгершілік, патриотизм сезімдерін тәрбиелеу. Отбасы – қоғамның бірлігі, халықтық дәстүрлерді, ұрпақтан-ұрпаққа берілген әдет-ғұрыптарды, өз халқының мәдени мұрасын сақтаушы. 1-11 сынып оқушылары көрмеге барған кезде отбасы туралы әдебиеттермен танысады, сонымен қатар көрмеде оқушылар отбасылық…

Read More Read More

Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен танысу жөніндегі педагогикалық ұжымның жиналысы

Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасымен танысу жөніндегі педагогикалық ұжымның жиналысы

2023 жылғы 16 мамырда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де педагогикалық ұжымның жиналысы өтті. Жиналысты өткізудің мақсаты – Қазақстан Республикасының орта білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын түсіндіру және талқылау. Орта білім беруді дамыту тұжырымдамасы орта білім беруді дамытудың басым мақсаттарын, міндеттерін, бағыттары мен тетіктерін айқындауға бағытталғаны атап өтілді. Онда білім берудегі жүйелік проблемалардан білім алушыға және оның қажеттіліктеріне қайта бағдарлаудан тұратын білім беруді дамытудың жаңа көзқарасы анықталды.