Білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының тәрбие жұмысы және психологиялық қызмет бөлімінің басшысы Ж. А. Баукенова 8-сынып оқушыларына арналған “Позитивті ойлауды дамыту және ресурстық жағдайды жандандыру” тренингін ұйымдастырды.
Позитивті ойлау – бұл бостандыққа, өмірдің жаңа деңгейіне, табысқа және жеке өсуге апаратын жол. Әр адам өз болашағының табысты жасаушысы бола алады. Өйткені, біздің болашағымыз – бұл тек ақыл-ой бейнесі, материалдық әлемде әлі іске асырылуы мен формасы жоқ идея. Әр адам бастапқыда бақытты, сүйікті және табысты болу үшін қажет нәрсенің бәріне ие. Әркімнің болашағы – адамның ойлауының нәтижесі. Сондықтан позитивті ойлау практикасы – бұл өмірді жақсы жаққа өзгерте алатын шындықты қалыптастырудың құралы. 2023 ж. 12.10 білім беру саласындағы әдістемелік жұмыс…