“Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” КММ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің дінтанушысы С. С. Бердағұловамен 10-11 сынып оқушыларына арналған “Рухани-адамгершілік құндылықтар және бейбітшілік тұлғаның бағдары ретінде” ақпараттық-түсіндіру әңгімесі
2023 ж. 18.10 жыл сайынғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жоспарына сәйкес “Қоғамдық даму және ақпарат орталығы” КММ Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту бөлімінің дінтанушысы С. С. Бердағұловамен “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 10-11 сынып оқушыларымен “Рухани-адамгершілік құндылықтар және бейбітшілік жеке тұлғаның бағдары ретінде” тақырыбында кездесу өткізілді. Қазіргі Қазақстанда діни бірлестіктер рухани және мәдени әртүрлілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады, діндер диалогы қоғамның дамуына қолайлы жағдай жасайды. Кездесу барысында маман “Интернет”желісінде түрлі деструктивті, радикалды идеологтар тарапынан жұмысқа қабылданбауға мүмкіндік беретін жастардың діни сауаттылығын…