2025 жылғы 16 қыркүйекте “Ғабит Мүсірепов атындағы 43 орта мектеп” КММ-де 5-11 сыныптардың старосталары мен олардың орынбасарларының жиналысы өтті
Кездесуде 2025 жылғы 23 қыркүйекте өтетін мектеп президенті мен мектеп парламентінің алдағы сайлауы туралы мәселе қаралды. Қатысушыларға үгіт материалдарын — өз кандидатураларын ұсыну үшін парақшалар мен бейне-роликтер дайындау туралы хабарланды. Жиналыс мектептегі сайлау науқанының ресми бастамасы болды.