🏫 № 2 педагогикалық кеңес “Отбасы және мектеп: серіктестік пен өзара түсіністікке қадамдар”
2025 жылғы 30 қазанда “Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп” КММ-де “Отбасы және мектеп: серіктестік пен өзара түсіністікке қадамдар” тақырыбында № 2 педагогикалық кеңес өтті. Отырыстың басты мақсаты – отбасы мен мектептің әріптестігін нығайту, Қазақстанның адал, жауапты, еңбекқор және патриоттық азаматын қалыптастыруға бағытталған “Адал Азамат” бірыңғай тәрбие бағдарламасы шеңберінде бірлескен тәрбие ортасын дамыту. Педагогикалық кеңес барысында келесі мәселелер қаралды: 1. № 1 педагогикалық кеңестің шешімдерін орындау туралы-А. Т. Умарова 2. 2025-2026 оқу жылының I тоқсанындағы үлгерім мониторингі — Е….