2025 жылғы 17 қазанда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ–де 8-11 сынып оқушыларына “Жасөспірімдердің жеке гигиенасы және вейп қолданудың зияны” тақырыбында “Сұрақ-жауап”танымдық ойыны өтті
Ойын барысында оқушылар жеке гигиена ережелеріне және СӨС жүргізуге байланысты сұрақтарға жауап берді. Әрбір дұрыс жауап үшін қатысушылар ынталандыру сыйлықтарын алды. Іс-шара соңында барлық оқушыларға “Жеке гигиена ережелері. Өзіңізді қалай күту керек” жадынама таратылды. Іс-шара жасөспірімдердің денсаулығына жауапкершілікпен қарауын дамытуға, жаман әдеттердің зияны туралы хабардар болуға және жеке гигиена нормаларын сақтауға ынталандыруға ықпал етті.