Browsed by
Day: 26.10.2025

Әр жолда шабыт

Әр жолда шабыт

Орыс әдебиетінің классигі, орыс жазушыларының алғашқысы Нобель сыйлығының лауреаты, ақын, прозашы, публицист және жерлесіміз И. А. Буниннің туған күніне орай “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де оның өмірі мен шығармашылығына арналған “Әр жолда шабыт” атты кітап көрмесі рәсімделді. Көрмеде Буниннің “Арсеньевтің өмірі”, “Қараңғы аллеялар”, “Қарғыс күндері”, “Күн соққысы” көркем шығармалары, оның әсем және философиялық лирикасының жинақтары ұсынылған.