📌2025 жылғы 17 қарашада “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де Дүниежүзілік балалар күні қарсаңында балалардың құқықтары мен қауіпсіз мінез-құлқына арналған сынып сағаттары өтті
1-6 сынып оқушылары үшін “Бала құқықтары жөніндегі Конвенция” сынып сағаты өткізілді, онда балалар өздерінің негізгі құқықтарымен танысты, құқықтарды бұзу жағдайларын ажырата білуді және бір-біріне құрметпен қараудың маңыздылығы туралы айтуды үйренді. Сонымен қатар, 10 минуттық жеке қауіпсіздік сабағы өткізілді. 7-11 сынып оқушылары үшін “Буллингтен қорған!” буллингтің алдын алуға, қауіпсіз қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және жасөспірімдер ортасында құрмет мәдениетін қалыптастыруға бағытталған тақырыптық әңгіме өткізілді. Сондай-ақ 10 минуттық жеке қауіпсіздік сабағы өтті.