5 наурызда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Қауіпсіздік мектебі” жобасы аясында СҚО прокуратурасының бастамасымен бастауыш сынып оқушыларына онлайн-іс-шара ұйымдастырылды
Ойын түрінде балаларға қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері түсіндірілді, өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шара соңында оқушыларға “Жолдағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері” брошюралары таратылды.