“Сергіту сәті” республикалық челленджі
Оқушылардың дене белсенділігін арттыру, белсенді және салауатты өмір салтын насихаттау, балаларды қолжетімді дене шынықтыру жаттығуларына оқыту мақсатында 2023 ж. 08.09 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің 1-4, 5-9, 10-11 сынып оқушылары “Сергіту сәті” республикалық челленджіне қатысты. Оқушылар көңілді музыкаға белсенді қимылдар жасады.