2023 жылғы 21 қазан мектеп парламентінің Президентін сайлау
2023 жылғы 21 қазанда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де мектеп парламентінің Президентін сайлауы өтті.
Парламент – білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезінде мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Барлық үміткерлер мектеп Парламентін басқаруға лайықты, мектепті жақсартуға ниетті. Сайлауалды науқанның бірінші күнінен бастап белсенді қызмет өрістетілді, кандидаттар өз кандидатураларына өз дауыстарын беруге шақыру мақсатында сайлауалды бағдарламасымен үгіт-насихат плакаттарын дайындады. 8-11 сынып оқушылары мен педагогикалық ұжымға белсенді сайлау құқығы берілді.
Мектеп парламентінің Президенттігіне төрт үміткер болды: Труков Роман – 8 “Б” сынып оқушысы, Коробкова Ирина – 8 “В” сынып оқушысы, Нуртазина Ясмина -9 “Б” сынып оқушысы және Дацкевич Татьяна -10 “А” сынып оқушысы.
Сайлаушылардың дауыстары келесідей бөлінді:
Труков Роман – 80 дауыс
Коробкова Ирина – 6 дауыс
Нуртазина Ясмина – 120 дауыс
Дацкевич Татьяна – 14 дауыс