“АИТВ \ ЖИТС инфекцияны қалай болдырмауға болады” алдын алу әңгіме
АИТВ / ЖИТС-ның алдын алу жөніндегі айлықты өткізу жоспарына және “Қауіпсіз Болашақ”облыстық жобасы шеңберінде “Балалар қауіпсіздігі ” айлығын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, АИТВ/ЖИТС проблемасы бойынша оқушылардың хабардарлығы мен білім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының таралу проблемасымен, вирустың таралу жолдары мен алдын алу шаралары туралы танысу, АИТВ жұқтырған және ЖИТС-пен ауыратын науқастарға адамгершілік қатынасты қалыптастыру мақсатында 2023 жылғы 15 қарашада “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 10-11 сынып оқушылары үшін Петропавл қ. ЖИТС ОО маманы О. С. Симухинамен кездесу ұйымдастырылды.
Дәріс барысында АИТВ /ЖИТС жұқтырудан сақтайтын қазіргі ұрпақта СӨС қалыптастырудың маңыздылығына көп көңіл бөлінді, оқушылар АИТВ / ЖИТС деген не және АИТВ / ЖИТС-тен қорғану үшін не істеу керектігі туралы негізгі ұғымдар туралы білді.
Оқушылар сұрақ-жауап сайысына қатысып, маманның қойылған сұрақтарына жауап берді.