Ата-аналар жиналысы
2023 ж. 14.11 1- ауысым үшін және 2023 ж. 16.11 2-ауысым үшін “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де инновациялық әдістер мен нысандарды пайдалана отырып, ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібі келесі мәселелерді қамтыды:
- 2023-2024 оқу жылы 1- тоқсанының үлгерімінің қорытындысы.
- “Жасөспірімдер ортасында буллинг және кибербуллинг”. Электрондық темекіні (вейп және темекі өнімдерін) тұтынудың алдын алу”.
- Облыстық “Қауіпсіз Болашақ” жобасы шеңберінде, “Балалар қауіпсіздігі” айлығын өткізу жоспарына сәйкес “ЖҚЕ профилактикасы”, “Қысқы кезеңде су объектілерінде мұзда жүріс-тұрыс ережелері және қауіпсіздік шаралары”, “Өрт қауіпсіздігі ережелері” қауіпсіз тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету.
1-ауысымның жиналыс күн тәртібіне “Отбасының дұрыс кәсіби өзін – өзі анықтаудағы рөлі” мәселелері де енгізілді – мектептің кәсіби бағдар берушілері О.А.Елманова мен Г. К. Кусаинова сөз сөйледі. Ата-аналар қаланың оқу орындары туралы хабардар болды, ал шақырылған қонақтар: Петропавл жоғары құрылыс-экономикалық колледжінің технологиялық пәндер оқытушысы О. В.Кононова, Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінің информатика оқытушысы А.К.Казкеев, Байкен Әшімов атындағы Петропавл машина жасау және көлік колледжінің өндірістік оқыту шеберлері О. Н. Пукема, О. П. Миролюбова, сондай-ақ, Гуманитарлық-техникалық колледж оқытушылары О.П.Заянц және Л.К.Федотова ата-аналарға колледждерде қандай мамандықтар бойынша оқуға болатынын, оқу процесін ұйымдастыру туралы, осы оқу орындарында бейнематериалдарды көрсете отырып оқытудың мүмкіндіктері мен артықшылықтары туралы айтып берді. “ҰБТ-2024” – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н.В.Золотилина сөз сөйлеп, 2024 жылы ҰБТ өткізу форматындағы өзгерістер мен ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру және мектептегі қорытынды аттестаттау туралы айтты.
7-сыныптарда “Баланы зорлық-зомбылықтан қалай қорғауға болады” тақырыбында мектеп психологы Е.М. Коренькова сөз сөйледі, ол қатысушыларды негізгі түрлерімен, балаларға қатыгездіктің себептерімен, салдарымен таныстырды, кәмелетке толмағандардың дұрыс емес, зиянды, қауіпті немесе қоғамға жат мінез-құлқына зорлық-зомбылықсыз әрекет ету жолдары туралы ата-аналарға ұсыныстар берді. Сондай-ақ, ата-аналарға Сенім телефондары мен “111 АМАNАТ” бірыңғай мемлекеттік байланыс орталығы айтылды.