“Араздық тіліне жол бермеу туралы” ақпараттық дереккөз
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту мақсатында 2023 ж. 20.11 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебі” КММ-де “Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы” КММ “Қоғамдық келісім” КММ жұртшылықпен жұмыс жөніндегі менеджері Салимхан С. Ж. шақыра отырып, 8-9 сынып оқушылары үшін “Араздық тіліне жол бермеу туралы” тақырыбы бойынша ақпараттық дереккөз өткізілді. Өз сөзінде ол Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы, №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені туралы, медиация туралы және әлеуметтік желілерде қандай да бір ақпаратқа түсініктеме беру кезінде, қоғамдық орындарда пікір білдіру кезінде дұрыс болу қаншалықты маңызды екендігі туралы айтты.
Сөз соңында спикер оқушыларға Петропавл қаласының Достық үйіне баруды ұсынды.