“Өлкеміздің табиғатына сүйіспеншілікпен” сынып сағаты
Экология айлығының жоспарына сәйкес 2024 ж. 22.04 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 1-4 сынып оқушылары үшін “Өлкеміздің табиғатына сүйіспеншілікпен” тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды өлкеміздің табиғи байлығымен таныстыру; балаларды оның сұлулығын көруге, қорғауға және көбейтуге үйрету, оны зерттеуге қызығушылықты дамыту; мақтаныш сезімін, туған табиғатқа деген сүйіспеншілікті, оған ұқыпты қарауды, өз Отанына, кіші отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу.
Оқушылар экологиялық-өлкетану сұрақ-жауап сайысына қатысып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Олар дәрілік өсімдіктерді олардың сипаттамасынан болжап, олардың қандай емдік қасиеттері бар екенін айтты. Туған өлке туралы мақал-мәтелдер еске түсірілді, табиғат туралы жұмбақтар шешілді, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар орындалды, сондай-ақ экологиялық мәселелерді талқылады, табиғатты сақтау үшін қандай көмек көрсетуге болатындығы туралы пікір бөлісті.