“Чернобыль – есте сақтау және сабақ” сынып сағаты

“Чернобыль – есте сақтау және сабақ” сынып сағаты

2024 ж. 22.04 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 8-11 сыныптар үшін “Чернобыль – есте сақтау және сабақ” тақырыбы бойынша сынып сағаттары өтті.

Іс-шараның мақсаты: Чернобыль апатының себептері мен салдарын зерттеу мысалында оқушылардың азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық тәрбиесін қалыптастыру.

Іс-шара барысында оқушыларға Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың себептері мен салдары, тіпті бейбіт атомның адам үшін қаншалықты қауіпті екендігі туралы айтылды. Ең бастысы, мұндай апаттардың салдары қаншалықты қиын және қанша уақытқа дейін жойылады, сонымен қатар оқушылар Чернобыль апатының зардаптарын жоюшылар мен олардың тағдырлары туралы білді.

Comments are closed.