Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өкілдерімен кездесу
Оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыру шеңберінде, сондай-ақ ұлттық валюта банкноттарындағы негізгі қорғаныс элементтері туралы хабардар болу мақсатында 2024 ж. 25.04 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де оқушылар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Солтүстік Қазақстан филиалының өкілдерімен кездесті.
Банк мамандары балаларға номиналы 5 000 теңге болатын “сақ стилі” жаңа сериясының жаңартылған банкноттары айналымға шығарылғанын, ал 2024 жылдың жазында номиналы 10 000 теңге болатын банкноттар шығару жоспарланғанын айтты, сондай-ақ банкноттар мен монеталардың түпнұсқалығы мен төлем қабілеттілігін анықтау туралы дөңгелек монеталардың айналымын арттыру жөнінде түсініктеме берілді, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің монета өнімімен таныстырылды