Отан қорғаушылар күніне арналған бірыңғай сынып сағаты

Отан қорғаушылар күніне арналған бірыңғай сынып сағаты

Білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеудің негізгі және маңызды міндеті Отанға деген сүйіспеншілікті, Қарулы Күштер қатарында қызмет етуге деген ұмтылысты ояту, әскери қызметтің беделін көтеру болып табылады.

“Мамыр – Ынтымақ айы” айлығы аясында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 1-11 сыныптар оқушыларына арналған Отан қорғаушылар күніне арналған бірыңғай сынып сағаты өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды патриотизм, азаматтық рухында тәрбиелеу; оқушылардың назарын туған тарихына, өз халқының тағдырына аудару; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет ету үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыру.

Оқушылар Қазақстан Республикасы армиясының құрамына қандай әскерлер кіретінін, Қазақстан армиясы Тәуелсіздік жылдарында өзінің даму тарихын “таза парақтан” бастап, қиын жолдан өткенін білді. Нәтижесінде бүгінде Қазақстанның әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жауынгерлік қабілетті армиясы бар, әскери кадрларды даярлау жүйесі де қалыптасқан. Қазіргі Қазақстан армиясы республикамыздың әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің сенімді кепілі болды.

Сынып сағатының соңында ұлдарды құттықтау рәсімі өтті. Қыздар Отан қорғаушылар күніне арналған тақырыптық өлеңдерді оқып, ұлдарды дайындалған бейне презентацияларымен құттықтады.

құттықтады.

Comments are closed.