«Ерлігім – елім үшін!» бірыңғай ерлік сабағы
“Мамыр-Ынтымақ айы” айлығы аясында, 9 мамыр қарсаңында – “Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығын мерекелеуге арналған, “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 0-11 сынып оқушылары үшін “Ерлігім – елім үшін!” атты бірыңғай ерлік сабағы өтті.
Мақсаты: батылдық, парыз, ар-намыс, жауапкершілік, адамгершілік, патриот болу-өз елінің әрбір азаматының парызы екенін түсіну туралы түсінік қалыптастыру. Жастарды ардагерлерге, әскери қызметшілердің, Отан қорғаушылардың ерлігіне құрметпен қарауға, қаза тапқан батырларды еске алу қажеттілігін түсінуге тәрбиелеу. Біздің әскеріміздің ерлігінің, Қазақстан халқының батылдығының жарқын мысалдарында патриоттық сезімдерді дамыту және тәрбиелеу.
Іс-шара барысында Қазақстанның жауды жеңуге қосқан зор үлесі атап өтілді, атап айтқанда: Бауыржан Момышұлы, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Талғат Бегельдиновтың сіңірген еңбегі атап өтілді, сондай-ақ соғыс батырлары, бірінші Қорғаныс министрі С.Нұрмағамбетов пен Халық Қаһарманы Р. Қошқарбаевтың 100 жылдығына назар аударылды.