Ата-аналар жиналысы

Ата-аналар жиналысы

2024 ж. 20.05 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 9,11 сынып түлектерінің ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың күн тәртібі келесі мәселелерді қамтыды:
” 2024ж. ҰБТ, қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысы ” – директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н.В. Золотилина.
“Ресми салтанатты және бітіру іс – шараларын өткізу кезеңіндегі қоғамдық тәртіп ережелері” – Петропавл қ.ПБ ювеналды полиция бөлімінің полиция майоры аға учаскелік полиция инспекторы Габдулина Жанара Каиргельдиновна.
Салтанатты іс-шаралар мен жазғы каникулдарды өткізу кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы – директордың ТЖ жөніндегі орынбасары О. А. Елманова.
“Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының ескерту мен алдын алудағы отбасының рөлі” – әлеуметтік педагог Нина Анатольевна Трапезникова.
Жиналыстың мақсаты – оқушылардың өмір қауіпсіздігі және кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылықтарының алдын алу мәселелерінде ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыру, ата-аналардың өз баласының қауіпсіздігі үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру.
Жиналыстың басты тақырыбы мектептің, ата-аналар қауымының оқушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау, салтанатты және бітіру іс-шараларын өткізу кезеңінде, сондай-ақ жазғы демалыс кезеңінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын талқылау болды.
Мынадай мәселелер қаралды: жарақаттанудың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігінің алдын алу және жастарда жол қозғалысы ережелерін сақтаудың тұрақты дағдыларын қалыптастыру, Интернет желісін қауіпсіз пайдалану және т. б.
Жиналыс аясында ата-аналардың назары олардың тарапынан бақылауды күшейтуге аударылды, ата-аналарға кәмелетке толмағандардың алкоголь мен есірткі заттарын тұтынудың зияны, кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі уақытта көшелерде және қоғамдық орындарда ересектердің еріп жүруінсіз болуына жол бермеу туралы еске салынды.
Кездесу соңында мектеп психологы ата-аналарға оқушыларды қорытынды аттестаттауға психологиялық дайындау бойынша кеңестер берді.
Comments are closed.