Облыстық полиция департаментінің мұражайына саяхат
2024 жылғы 05 маусымда “Достық” сауықтыру лагеріне баратын “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ оқушылары Облыстық полиция департаментінің мұражайына саяхат жасады.
Балалар полиция қызметкерлерінің қызықты мәліметтерін, қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде қаза тапқан батырлардың есімдерін білді.
Балалар біздің қала мен облыстың тәртібін күзететін полиция бөлімшелерін анықтай алды.