Абылай хан резиденциясы мұражай кешеніне саяхат
2024 жылдың 06 маусымында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-нің “Достық” жазғы мектеп лагерінің оқушылары Абылай хан резиденциясы мұражай кешеніне барды.
Балалар экспонаттарды қызығушылықпен қарап, ұлы қолбасшының өмір тарихын тыңдады. Балаларды қазақ батырларының жоңғарлармен шайқасының панорамасы қызықтырды.
