СҚО полиция департаментінің кинологиялық орталығына бару
2024 жылдың 11 маусымында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ “Достық” жазғы мектеп лагерінің оқушылары СҚО полиция департаментінің кинологиялық орталығына барды.
Саяхат барысында балалар қызметтік иттердің жабдықтарымен танысты, иттер ұсталатын қоршауларды көрді. Кинологтың жетекшілігімен қызметтік ит Мэридің жаттығуынан үзіндісін көру балаларға ерекше әсер қалдырды.

