Педагогикалық ұжыммен алаяқтықтың алдын алу бойынша әңгіме

Педагогикалық ұжыммен алаяқтықтың алдын алу бойынша әңгіме

2023 ж. 28.04 “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де мектептің педагогикалық ұжымының Петропавл қаласы полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры К.К. Жұмабаевпен интернет-алаяқтықтың алдын алу, қаржылық сауаттылықты арттыру, ақпараттық қауіпсіздік және әлеуметтік желілердегі байланыс мәселелерінде білімді бекіту мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Іс-шара барысында педагогикалық ұжымға күдікті қоңыраулар немесе интернет хабарламалар болған жағдайда әрекет ету алгоритмі түсіндірілді. Соңында педагогтарға алаяқтықтың алдын алу бойынша жадынамалар табысталды.

 

https://www.facebook.com/groups/559168548162566/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *