«Мектепке жол» республикалық акциясы
Жаңа оқу жылында “Мектепке жол” акциясы “Жақсылық жаса” ұранымен өтеді. Акцияның мақсаты-халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Акция басталғаннан бері “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де оқушыларға мектепке дайындалуға көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Аталған акция барысында 65 оқушы 43407 теңге көлемінде біржолғы жәрдемақы түрінде материалдық көмек алды. Сондай-ақ, акция аясында мектептің Қамқоршылық кеңесінен, атап айтқанда В.И. Козлов пен А. А. Исаковтан 16 оқушы мектеп оқу құралдары түрінде көмек алды.