Қауіпсіздік мәселелері бойынша жалпы мектептік ата-аналар жиналысы
2024 ж.30.09 ” Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп ” КММ-де қауіпсіздік мәселелері бойынша 1-11 сынып оқушыларына арналған жалпымектептік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста келесі мәселелер қаралды:
– алаяқтықтың алдын алу;
– қорқыту мен кибербуллингтің алдын алу (виртуалды әлем, деструктивті бағыттағы ойындар, интернет-қауіптер);
– кәмелетке толмағандар арасында және оларға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Ата-аналарға баламен проблемалық жағдайларда әрекет ету алгоритмі, психологиялық қолдау орталықтарының жұмысы туралы ақпарат және Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің байланыстары бар жадынамалар таратылды. Сондай-ақ, бұл жадынамалар ата-аналық чаттар арқылы таратылды.
#BIRTUTAS_TARBIE