Ертегі-халықтың ұлы рухани мәдениеті

Ертегі-халықтың ұлы рухани мәдениеті

Ертегі-халықтың ұлы рухани мәдениеті. Халық жасағаннан жақсы ертегілер жоқ. Оқуға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті ояту, балаларға ертегілердің таңғажайып әлемін, олардың даналығы мен сұлулығын көрсету ,жазушы -ертегішілер туралы білім қалыптастыру үшін “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ кітапханасында кітапханашы Н.Э.Алексеева”Біздің сүйікті ертегілер” атты сұрақ-жауап сайысын өткізді. 2 “Б” сынып оқушылары “Ертегі кейіпкерін тап”, “Қатені түзет”, “Текше ойыны” сайыстарының сұрақтарына қызығушылықпен және жігерлендіре жауап берді. Балаларға “Әуенді тап” музыкалық байқауы да ұнады. Барлығы әр байқауға белсене қатысты. Осы іс-шараның жеңімпаздары грамоталармен марапатталды.

Comments are closed.