Ертегілер мен әңгімелердегі қанатты кейіпкерлер

Ертегілер мен әңгімелердегі қанатты кейіпкерлер

Жыл сайын 1 сәуірде Халықаралық құстар күні атап өтіледі. Оның мақсаты- құстардың әртүрлілігі мен санын сақтау. Қазіргі уақытта Халықаралық құстар күні әлемнің көптеген елдерінде ЮНЕСКО-ның “Адам және биосфера” биологиялық бағдарламасы аясында өтіп жатыр және акциялардың, конкурстардың және басқа да іс-шаралардың барлық түрлерімен бірге жүреді. “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Ертегілер мен әңгімелердегі қанатты кейіпкерлер” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Кітап сөресінде құстардың алуан түрлілігі, олардың мінез-құлқы мен тіршілік ету ортасы, құстардың біздің экожүйемізде қандай маңызы бар екендігі туралы кітаптар қойылған. Егер сіз құстарды жақсы көретін болсаңыз, онда бұл көрме сізге арналған.

Comments are closed.