2024 жылдың 10-17 желтоқсан аралығында мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, мемлекеттік тілді білуге, мәдениет пен дәстүрді қастерлеуге баулу, туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Апталық барысында түрлі сыныптан тыс жұмыстар, сайыстар, 2-11 сынып оқушыларын белсенділікке қатыстырған ойындар өткізілді. Аптаның әр күні оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталды.
Пән апталығы аясында Тәуелсіз ел-Қазақстан!», «Абайды оқы, жалықпа» атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. «Бауырсақ – FEST», «Бәрін білгім келеді» үзіліс арасындағы ойындар өткізілді.
Апталықтың соңғы күні салтанатты жабылу кешінде апталыққа белсенді қатысқан барлық оқушылардың есімдері аталып, мадақтамалар мен дипломдар берілді.