13 желтоқсанда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс және концерт өтті
13 желтоқсанда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс және концерт өтті.Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің мектеп оқушылары жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне қатысып, мектебімізге 12 жүлделі орын алып келді. Сондай-ақ, 7-8 сынып оқушылары “Шұбар Доп” волейболдан мектеп лигасына қатысып, II орынға ие болды.3-9 сынып оқушылары “Мен елімді жырлаймын” қалалық фестиваліне белсенді қатысып, 25 сайыскердің ішінен құрметті III орынға ие болды. Сондай-ақ, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне, техникалық қызметкерлерге адал еңбегі үшін алғыс жарияланды.