Қазақстанда 12 сәуірде Космонавтика күні атап өтіледі
Бұл ерекше мереке, өйткені қазақ жерінен, Байқоңыр ғарыш айлағынан кеңес ғарышкері Юрий Гагарин 1961 жылы ғарышқа алғашқы ұшуын жасады. 30 жылдан кейін Ғарыш кеңістігін қазақстандық ғарышкерлер де жаулап алды. Қазақстанның алғашқы ғарышкерлері 1991 жылы Тоқтар Әубәкіров, одан кейін 1994 жылы Талғат Мұсабаев және 2015 жылы Айдын Айымбетов болды.Осы күнге дейін “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектебі” КММ кітапханасында “Жұлдыздарға қош келдіңіз” атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда ғарышкерліктің және зымыран ғылымының даму тарихы туралы әдебиеттер ұсынылды. Кітаптар барлығына ғарыш дәуірін ашушылар туралы, ғаламның кеңдігін бағындырған ғарышкер батырлар туралы айтып береді.