2025 жылғы 15-19 қыркүйек аралығында “Ғабит Мүсірепов атындағы 43 орта мектеп” КММ Аналар күніне арналған іс-шаралар өтті
1. “Мен үшін бейбітшілік пен бақыт – ана” суреттер көрмесін 1а, 1Б, 1В сынып оқушылары дайындады.
2. “Ана – әр адамның өміріндегі басты адам” бейнероликтер байқауына 9А және 9Б сынып оқушылары қатысты.
3. “Анаммен бірге” фотокөрмесі – 3В, 3Б, 4Б, 4А, 4В сынып оқушылары белсенді қатысты.
4. “Сүйікті анама арналған гүлшоғы” қолөнер көрмесі-7В, 8Б, 8В, 7Г, 7Б, 7А сынып оқушылары өз композицияларын ұсынды.
Іс-шаралар жылы және рухани атмосферада өтті. Балалар шығармашылықтарын көрсетіп, аналарына деген сүйіспеншілік пен ризашылықтарын білдіріп, олардың әр адамның өміріндегі маңызды рөлін атап өтті.
