“Соғыс жылдарының жазушысы” кітап көрмесі
“Кітап оқитын мектеп” жобасы аясында 2023 жылдың 04-10 қаңтарынан бастап “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ кітапханасында белгілі жазушы Александр Альфредович Бектің 120 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
А. А. Бек – азаматтық соғыс батыры. Ұлы Отан соғысы жылдарында соғыс тілшісі болды. Оның әйгілі шығармаларының бірі – “Волоколамск тас жолы”, оқиғаның басты кейіпкерлері -316 атқыштар дивизиясының командирлері Иван Васильевич Панфилов және белгілі қазақ қолбасшысы Бауыржан Момыш-ұлы, Мәскеуді қорғаған сарбаздар. Кітап көрмесі аясында оқушылар жазушының өмірбаяны және шығармашылығымен танысты.