Жоғары құрылыс-экономикалық колледжіне саяхат
2025 жылғы 15 қазанда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 9-сынып оқушылары Жоғары құрылыс-экономикалық колледжіне барды. Балалар заманауи мамандықтармен танысып, практикалық сабақтардың қалай өтіп жатқанын көрді. Біз газ жабдықтарын жөндеу, тас, ағаш ұстасы және дәнекерлеу шеберханаларында, гидравлика зертханасында, кондитерлік цехта және сантехникалық жұмыстар шеберханасында болдық. Оқушыларға “Есеп және аудит”, “Құқықтану”, “Ғимараттарды салу және пайдалану”, “Дәнекерлеу ісі”, “Тамақтандыруды ұйымдастыру”, “Бағдарламалық қамтамасыз ету” және басқа да қажетті мамандықтар туралы айтылды.
Саяхат жарқын және танымдық болды. Кондитерлік цех ерекше әсер қалдырды – жаңа піскен кондитерлік өнімдердің хош иісі мен шығармашылық атмосфера балалардың жадында ұзақ сақталады.
