Қазақстан Республикасы Күні қарсаңында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Менің Отаным – Қазақстан” бірыңғай республикалық сынып сағаты өтті
Іс-шара барысында оқушылар Тәуелсіздіктің қалыптасуының негізгі тарихи кезеңдерін еске алып, мемлекеттің рәміздерін, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін, сондай-ақ Республика күнінің бірлік, мақтаныш және патриотизм мерекесі ретіндегі маңыздылығын талқылады. Сынып сағаты оқушылардың бойында ұлттық бірегейлік сезімін қалыптастыруға, елдің тарихы мен дәстүрлерін құрметтеуге, сондай-ақ Отанның болашағы үшін жеке жауапкершілікті сезінуге ықпал етті.
