📌”Заң және тәртіп” айлығы шеңберінде ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмысы
13 қаңтарда “Заң және тәртіп” айлығы аясында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ ата-аналарына “Жауапкершілік және заң” тақырыбында салық және салық салу саласындағы азаматтық жауапкершілікті дамыту бойынша инфографика форматында ақпараттық материалдар таратылды. Ұсынылған материалдар ата-аналардың құқықтық және қаржылық сауаттылығын арттыруға, азаматтық міндеттерді орындауға және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.
