21-22 қаңтарда “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 1-11 сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өтті
Кездесулер барысында балаларды тәрбиелеу, оқыту, цифрлық ортадағы қауіпсіздік, жас дамуының ерекшеліктері, сондай-ақ бала өсуінің әртүрлі кезеңдеріндегі отбасы мен мектептің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері қаралды. Ата-аналар жиналысын өткізу ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын арттыруға және мектеп пен отбасы арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал етті.
