22 наурызда көрнекті жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, әдебиеттанушы және аудармашы Ғабит Мүсіреповтің туғанына 124 жыл болады
Ғ. Мүсіреповтің – Қазақстанның көркем мәдениеті тарихындағы жазушы ретіндегі рөлі орасан зор. Оны еске алу үшін “Ғабит Мүсірепов атындағы № 43 орта мектеп” КММ кітапханасында “Көркем сөздің шебері” атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Оқушылар кітапхананың жиі қонақтары болып табылады, әр түрлі авторлардың жаңа басылымдары мен шығармаларына қызығушылық танытады. Ғабит Мүсіреповтің мұрасы – ұлттық қазына. Оның шығармашылығымен қатар, оның өмірі – біздің рухани тарихымыздың жарқын парағы.
