1 сәуір-Халықаралық құстар күні
“Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де “Құстарға көмектес” экологиялық акциясы аясында 2-7 сынып оқушылары белсенді қатысты.
Мектеп аумағында құс үйшіктері мен қоректендіргіштер орнатылды. Жоғары сынып оқушылары оларды орнатуға көмектесті, содан кейін қоректендіргіштер құстарға арналған тағаммен толтырылды.
Акция білім алушылардың табиғатқа ұқыпты қарауын және құстарға қамқорлығын қалыптастыруға бағытталған.
