2026 жылдың 5 наурызында Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасында мәдени-ағарту сағаты өтті
Көктемгі мерекелерді мерекелеу аясында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ 8-сынып оқушылары үшін “Образ пленительный, образ прекрасный”атты іс-шара ұйымдастырылды. Кітапханашы Н. Э. Алексеева жетекшілігімен оқушылар түрлі дәуірлердегі көрнекті әйелдерге арналған кітап көрмесімен танысты. Іс-шараның білім беру бөлімі интерактивті викторинамен толықтырылды.Қолданбалы өнерге ерекше назар аударылды: шеберлік-сынып барысында оқушылар киізбен жұмыс істеу техникасын игерді, авторлық композициялар жасады. Соңында А.К. Жолдагарина оқушыларды қормен және заманауи кітапхананың мүмкіндіктерімен таныстырды.
