27 ақпанда Алғыс айту күні қарсаңында “Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ-де 2 “В” сыныпта “Мейірімнен жаралған әлемқ” іс-шарасы өтті
Кездесуді сынып жетекшісі Д. К. Рамазанова және педагог-психолог Е.М. Коренькова өткізді. Балалар мен ата-аналар бір-біріне алғыстарын білдіріп, жылы тілектерімен бөлісті. Оқушылар тақырыптық өлеңдер дайындап, “Дружба крепкая не сломается” әнін орындады, сондай-ақ ата-аналарымен бірге шығармашылық тапсырмаларға қатысты.
Іс-шара мейірімді атмосферада өтті және отбасы мен мектептің ынтымақтастығын нығайтуға ықпал етті.