📚 Оқырмандарға арнау

📚 Оқырмандарға арнау

“Ғабит Мүсірепов атындағы №43 орта мектеп” КММ кітапханасында 1-сынып оқушыларына арналған “Оқырмандарға арнау” атты дәстүрлі іс-шара өтті. Бірінші сынып оқушылары кітапханамен танысты, кітаптарды пайдалану ережелерін білді, оқулықтар мен көркем әдебиетке ұқыпты қарауды үйренді, ойындарға қатысты, жұмбақтар шешті және балаларға арналған кітаптармен танысты.
Іс-шара соңында жас оқырмандар естелік буклеттер мен бетбелгілер алды. Жаңа оқырмандарды құттықтаймыз және кітаптың сенімді дос және оқуда көмекші болуын тілейміз! 📖✨
Comments are closed.